МӘМС ерекшеліктері қандай?

0 40

Медициналық көмек ендігі кезекте МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңбері арқылы жүзеге асады. МӘМС жүйесінің негізгі артықшылығы – азаматтар емхана мен дәрігерлерді еркін таңдап, сақтандыру бо­йынша Әлеуметтік сақтандыру қорымен келісімшартқа отыр­ған жекеменшік клиникаға да тіркеле алады. Сондай-ақ МӘМС жүйесі арқылы халық қымбат тұратын диагностикалық, лабораториялық зерттеулерді тегін алуға мүмкіндігі бар.
2020 жылы медициналық көмектің жаңа түрі бірнеше деңгей бойынша жүргізіледі. Алғашқы деңгей – тегін медициналық көмектің кепілді көлемі. Ал екінші деңгейі – МӘМС. Осыған дейін жұртшылыққа қолжетімсіз болған қызмет түрлеріне (бейінді мамандардың кеңесі, қымбат тұратын лабораториялық зерттеу, қымбат тұратын диагностиканың методтары) консультативтік көмекке МӘМС аясында биыл 8 млрд теңге бөлінген. Ал консультативті-диагностикалық көмекке 7 млрд теңге аударылған.
– 2019 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының емханаларына 1 млн 162 мың 878 адам тіркелген. Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету бойынша жеткізуші тізіміне 5 мыңнан астам адамды тіркеуге алған 3 жаңа жекеменшік медициналық ұйым енгізілді. 2020 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтаудың 93 субъек­тілерінен қызмет алуға құжат жасасты. Олардың ішінде 31 медициналық ұйым – мемлекеттік меншік нысаны, ал 62 жеткізуші жекеменшік медициналық ұйым болып саналады. Жасалған шарттың жалпы құны 26 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру сомасы өткен жылмен салыстыр­ғанда 38 пайызға ұлғайтылды, – деді Сәуле Қисықова.
Елордада жекеменшік емханалар конкурсқа қатысып, тіркеуде тұрған 250 мыңға тарта тұрғынды қабылдаған. Бұдан бөлек, консультативті-диагностикалық қызметтерді алу үшін 36 мекемемен келісімшарт жасалған. Стационарды алмастыратын көмек немесе күндізгі стационар бойынша 63 мекемемен келісім орнатылды. Елордалықтарға 23 ұйым тәулік бойы стационарлық көмек көрсетеді. Олардың ішінде 4-еуі – республикалық, 8-і – қалалық, 11-і – жекеменшік деңгейде. Елордадағы 115 мектеп 19 медициналық мекемеге тіркелген.
Ал Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-
Сұлтан қаласы бойынша филиалы директоры Айдар Ситказинов азамат бір жыл бойы ауырмаған жағдайда, міндетті сақтандыруға аударған ақшасы қайда жұмсалатынын айтты. «Егер осы жылы ауырмаған болсаңыз, сақтандыруға аударған ақшаңыз қайтарылмайды. Медициналық сақтандырудың қағидасы: дені сау адам науқас үшін, бай адам кедей адам үшін төлейді. Егер биыл ауырмаған болсаңыз, сақтандыруға аударған ақшаңыз ауырған адамдардың еміне жұмсалады. Ал егер келесі жылы сіз ауырып қалсаңыз, сақтандыруға қанша жинағаныңызға қарамастан, сізге де толық медициналық қызмет түрлері көрсетіледі» деді Айдар Ситказинов.
Сәуле Қисықованың айтуынша, былтыр 3,6 млрд теңгеге 250 медициналық жабдық сатып алыныпты. Сонымен қатар, 1,2 млрд теңгеге жаңадан 52 санитарлық транспорт алынған. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен медициналық мекемелер жөндеуден өтсе, 2,5 мың дәрігер біліктілігін арттырған. Оның ішінде 875 маман алыс-жақын елдерге барып келген.
Қазіргі уақытта 1 мың адам емханаларға тіркелмеген. Бұл ретте МӘМС жүйесі барлығына міндеттелгенін ескеру керек. 1 сәуірге дейін халық МӘМС жү­йесінде өз мәртебесін анықтау қажет.

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

МӘМС жүйесінің негізгі артықшылығы – азаматтар емхана мен дәрігерлерді еркін таңдап, сақтандыру бойынша Әлеуметтік сақтандыру қорымен келісімшартқа отырған жекеменшік клиникаға да тіркеле алады.

МӘМС жүйесі арқылы халық қымбат тұратын диаг­ностикалық, лабораториялық зерттеулерді тегін алуға мүмкіндігі бар.

Егер осы жылы ауырмаған болсаңыз, сақтандыруға аударған ақшаңыз қайтарылмайды. Медициналық сақтандырудың қағидасы: дені сау адам науқас үшін, бай адам кедей адам үшін төлейді. Егер биыл ауыр­маған болсаңыз, сақтандыруға аударған ақшаңыз ауырған адамдардың еміне жұмсалады. Ал егер келесі жылы сіз ауырып қалсаңыз, сақтандыруға қанша жинағаныңызға қарамастан, сізге де толық медициналық қызмет түрлері көрсетіледі.

МӘМС жүйесі барлығына міндеттелгенін ескеру керек. 1 сәуірге дейін халық МӘМС жүйесінде өз мәртебесін анықтау қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + 14 =