Мамандықты таңдау – ертеңді ойлау

0 31

«ADAL» партиясы сайлауалды бағдарламасының жобасында білім беру және балаларды мектептерде оқыту мәселесіне айрықша тоқталған. Олар бүгінгі балалар мен жасөспірімдердің санасы өмірде пайдасы кем, жалпы білімге толы екенін назарға алып отыр.

Партия бұл мәселені мектептердегі ерте кәсіптік бағдарлау жүйесі шеше алады деп есептейді. Оқыту қолданбалы негізде қолға алынып, балалардың табиғи таланттарын дамытуы керек. Өкінішке қарай, қазір оған көп көңіл бөліне бермейді. Бала үшін мамандық таңдауда ата-анасының немесе мұғалімдердің ой-пікірі маңызды. Дегенмен баланы түрлі мамандықтармен таныстырып, болашақта немен айналысатынын өзі шешетін деңгейге жеткізу керек. Осы орайда адалдықтар кәсіптік бағдар беру құралы «ADAL» партиясының саяси кеңесінің мүшесі Олжас Ордабаев жетекшілік ететін «Adal bagdar» (https://bagdar.adalpartiyasy.kz/kz/test) қызметін ұсынады.
«Adal bagdar» – 5-8-сынып оқушылары мен 9-11-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмаларының жиынтығы. Тест тапсырушы бұл платформа арқылы өзінің қарым-қабілеттерімен қатар түрлі мамандықтар бойынша қызығушылығын анықтай алады. Сынақ нәтижесінде әрбір қатысушының икеміне қарай таңдалған мамандықтар тізімі мен маңызды мәліметтер ұсынылады. Мәселен, мамандықтар туралы, тікелей еңбек жұмысшыларымен сұхбат арқылы түсірілген мамандықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы бейнероликтер, сұранысқа ие мамандықтар/кәсіптер болжамы туралы ақпарат, колледж, жоғары оқу орындары, оқуға түсу шарттары туралы ақпараттар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − 6 =