Мамандық таңдауға мән берілді

0 111

EXPO cабак

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің игі бастамасымен, «KAZENERGY» қауым­дастығы мен «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК қолдауымен «Білім, Мамандық, EXPO-2017» атты мектеп оқушыларын заманауи ғылым саласына машықтау жобасының аясында ашық сабақтар өтуде.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері қала мектептеріне арнайы ұсы­ныстар жолдап, жоғары сынып оқушыларын техника, ғылым, энергетика салаларына зейін аударуға шақырды. Оларға жо­ғарыда аталған еліміздің ірі ком­панияларының озық мамандары мен техника және технология саласының тәжірибелі қыз­меткерлері тренинг өткізуде. Атап айтсақ, «Жас мамандарды компания қызметіне баулу» тақырыбында «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК-ның геология және өң­деу бөлімінің басқарушы ди­ректоры Мұрат Мұстафаев, «Мем­­лекеттік қызмет және оның маңызы» тақырыбында экономика ғылымының докторы Вильмур Аукен, «Қалай лидер болуға болады?», «International volunteers», «Career in oil gas industry» тақырыптарында NCOC ұйымының атқарушы директоры Жан-Луи Прадель және қоғаммен байланыс сала­сының қызметкері Джи Хен Янг ашық сабақтар жүргізуде.

Алдағы уақытта да олар іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тағ­лымды дәріс оқи береді.

Бүгінде ашық сабаққа орасан зор қызығушылық танытқан оқушылар легі күн санап артуда. Атом, энергетика, химия, биотехнология салаларына зейін аударған жүз жиырма оқушы мамыр айының соңына дейін сабақтарын аяқтап, қорытынды емтихандарын тапсырып, арнаулы сертификаттармен марапатталды. Мектеп бітіргеннен кейін, ел игілігіне ауа­дай қажет техника саласы бо­йынша оқуға түсіп, аталмыш компанияларда қызметтерін жалғастыра алады. Жоба нәтижесінде тек қана мектеп оқушылары ғана емес, колледж, жоғары оқу орын­дары мен ата-аналарда ма­мандардың дәрістеріне қаты­сып, ой бөлісіп, пікір алмасуда. Жастарға мамандық таңдауға, елімізде жетіспейтін кадрлар легін даярлауға өлшеусіз үлес қосып отырған басқарманың негізгі мақсаты алдағы «EXPO-2017» жобасына жастар резервін әзірлеу.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − eight =