МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

0 465

9c5bdad1e02b

Астана қаласының Жастар сая­сатын қолдау мемлекеттік қоры еңбек нарығында сұранысқа ие маман­дықтарды насихаттау және кәсіби бағдар беру мақсатында қала аумағында орналасқан ірі өндіріс орындарында мектеп оқушыларына арнап Ашық есік күндері мен экскурсиялар ұйымдастыруды бастап кетті.

Сәуір айының 3-нен басталған іс-шара 25-іне дейін жалғаспақ. Онда түлектерге еңбек нарығында негізгі сұранысқа ие болып отырған мамандықтар туралы кеңінен түсіндіріліп, жастарға кәсіби бағыт-бағдар беріледі.

Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті әлеу­­мет­тік мәселелердің бірі – жастар арасындағы жұмыс­сыздық. Жасыратыны жоқ, кейінгі жылдары заңгер, экономист, қаржыгер және бірқатар гуманитарлық мамандықтары бойынша жұмыссыздық деңгейі өршіп-ақ тұр. Оған басты – себеп мектеп қабырғасында болашақ мамандық таңдауға қатысты іс-шаралардың жүргізілмеуі және жастардың кәсіби қабілеттерінің шыңдалмауы.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 5 =