Мамандығым – мақтанышым

0 71

Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы бар. Мен бүгін осы өмірге қайта талпындырып, дұрыс көзқарас қалыптастырып, болашағымның бағдаршамы болған ұжымдағы әріптестерім жайлы айтпақшымын. Өміріміздің жартысы осы жұмыста, әріптестеріміздің арасында өтетіндігі рас. Олар шынайы адамгершіліктің үлгісі, қарапайым мамандар. «Әріптес деген кім?» деген сұраққа жауап іздесеңіз, мен былай жау­ап берер едім «Бір мамандықтың иесі, айналасына ықпал етуші, бәсекелесің, кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылық әлеуеті мол тұлға». Н.Островский «Ұжым әрқашан адамды көтеріп, оны аяғынан нық тұрғызады» деп айтқан екен. Адамды адам тәрбиелейді, білмегеніңді үйретеді, көзіңді ашады. Абай Құнанбаев атамыз «Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз» деп бекер айтпаса керек. Өміріміздің соңына дейін білетініміз, білмейтінімізден көп болатыны белгілі. Тек білем деген ішкі талпынысың ғана өшпесін. Міне, осындай менің тәлім тәрбие алып отырған ұжымым ол, әрине, Қазынашылық Департаменті. «Қазынашылық департаменті қандай мекеме?», «онда кімдер қызмет атқарады?», «сен онда кім болып жұмыс жасайсың?», «сонда не істейсіздер?» деген сұрақтар әрине жиі қойылады.
Мен бүгін осы сұраққа жауап берейін: Қазынашылық Департаменті – Қазақстан Республикасының, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларындағы міндеттерді жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асырылуы, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру сияқты қаржы саласына тікелей байланысты қызметті атқарады.
Сонымен қатар бухгалтерлік есеп бойынша бюджетті басқару және бюджеттік мекемелер мен қаржы жүйесіндегі бухалтерлік есептің әдіснамасы функциялары берілген, бюджетті атқарудағы бірегей ұйым. Қазынашылықтың бас басқармасы бюджет қаражатын мақсатты және дұрыс пайдалануын және ең бірінші кезекте, Ұлттық банктің есеп-айырысу кассалары орналасқан аймақтардағы қазынашылық бөлімшелері бюджет қаражатының түсуін қадағалап, оны мемлекеттік мекемелердің шоттарына аударып отырады. Ал енді қазынашы деген кім? Қазынашы ол – мемлекеттік кірістердің түсуін, бюджеттен төлемдер төленуін ұйымдастырушы, осы жоғарыда айтылғандай, еліміздің қазынашылыққа қатысты барлық операцияларының есебін жүргізуші және оның барысын бақылаушы лауазымды адамды айтамыз. Міне, мен осындай еліміздің қаржылық жүйесінде өзіндік орыны бар, бірлігі жарасқан мекемеде өзім жоғарыда айтқандай, бас маман-бас қазынашы қызметін атқарамын.
Бүгінгі таңда да әріптестерімнің жұмыстары келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, қаржы жағынан ырыс­ты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға қызмет көрсетіп жатқан еңбектері жана беруіне тілектеспін. Еңбектеріңіздің жемісті болуына, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізді тілеймін.

А.ӘМІРҒАЛИ,
Нұр-сұлтан қаласы бойынша
Қазынашылық департаменті Түсімдер
басқармасы Мемлекеттік мекемелердің
шоттары және басқа шоттар бойынша
бөлімінің бас маман-бас қазынашысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − eleven =