Мамандар біліктілігі қандай?

0 27

Елімізде былтырдан бері кондоминиум нысанын басқарудың жаңа түрі – МИБ, яғни мүлік иелері бірлестігі құрылды. Жаңа заңға сай пәтер иелері басқарудың бұл түріне 2021 жылдың 7 қаңтарынан қалмай көшті. Енді қыркүйек айында алғаш рет осы МИБ саласындағы мамандар біліктілігін сертификаттау басталды.

image-22-09-21-09-12-4
image-22-09-21-09-12-3
image-22-09-21-09-12-2
image-22-09-21-09-12-1
image-22-09-21-09-12
previous arrow
next arrow

«Еңбек-2010» ЖШС тапсырысымен «Ustudy» тәуелсіз сертификаттау орталығы бастаған тестілеуге бүгінгі таңға 50-ге жуық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы маманы өтініш берген. Аталған тестілеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы реестіріне тіркелген. Палатаның адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Рахметованың айтуынша, бұл орталық қызметкерлердің біліктілігін сертификаттау мақсатында құрылды.
– Өздеріңізге белгілі, бұл салаға көп өзгерістер енгізіліп жатыр. Арнайы құқықтық нормативтік құжаттар қолданысқа берілді. Енді ТКШ саласындағы мамандары өз біліктіліктерін дәлелдеуі қажет. Бұл – бүгінгі заман талабы. Қазіргі таңда орталыққа 50-ден астам маман өтініш білдірген. Оның ішінде 30-ы міне қазір келіп отыр. Сертификаттау барысында алдымен теориялық білімі тексеріледі. Саладағы заңдар мен бағдарламалар бойынша 200-ден астам сұрақ дайындалған. Кей салалардағы мамандар теориядан соң практикалық тапсырмаларды да орындайды. Бұл сертификаттаудың маңыз­дылығы – осы ТКШ саласына білікті мамандарды жұмысқа тарту, – дейді ол.

«Ustudy» орталығының директоры Айнұр Кауенованың айтуынша, елімізде мұндай 56 орталық бар. Бірақ әзірге сертификаттау тек елордадағы филиалда ғана басталып отыр.
– Біздің мақсатымыз – сала мамандарының біліктілігіне тәуелсіз ішкі баға беру. Қазіргі таңда мына залда әр тест тапсырушы жанында бейнекамера қосулы тұр. Сол арқылы сырттан бақылап отыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар орталығымыз цифрлы платформаға қосылған. Орталықтағы тест «Бір тест тапсырушы-бір компьютер-бір камера» қағидасы бойынша жүргізіледі, – дейді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =