Майдангерлерге мадақ

0 150

Бүгінгі таңда Есіл ауданы аумағында Ұлы Отан соғысының 16 ардагері және 155 тыл ардагері тұрады.

Ұлы Жеңіске 68 жыл толуына орай іс-шаралар сәуір айынан бастап Есіл ауданының ардагерлер Кеңесімен бірлесе атқарылды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша майдангерлерді үйіне барып құттықтау акциясы ұйымдастырылды. Биылғы акцияға Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің басшылары және Есіл ауданының әкімі Сәбила Мұстафина қатысты. 8 мамыр күні аудан әкімі Ұлы Отан соғысының ардагері Нұршида Ахметованы Жеңіс мерекесімен құттықтап шықты. Ауданның білім беру ұйымдарында, атап айтсақ, №17,24,45,59,66,69, Назарбаев зияткерлік мектебі және Қазақстан – Ресей Университеті, Назарбаев Университеті, «Жас Ұлан» Республикалық мектебі, «Нұр Орда» халықаралық мектебінде ардагерлерге арналған түрлі акциялар, концерттік бағдарламалар, дөңгелек үстел, ашық сабақтар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аудан кәсіпорындары мен мекемелерінде де құрмет көр­сетілді. Атап айтсақ, «Астана-аймақтық электрожүйелі компания» АҚ, «Астана халық­аралық әуежайы» АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ақшалай сыйлық және кәдесыйлар табыстады.
Биыл Есіл ауданында орналасқан «Мега», «Сарыарқа», «Керуен», «Хан Шатыр» СОО, «Керемет» МСК, «Қа­зақстан» ОКЗ, «Магнум» ЖШС, «Нұр Астана Құ­рылыс» ЖШС, «Ұлттық кен-руда компания «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Сембол» АҚ, «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдинг», «Сарыарқа» Республикалық велотрек ұйымдарының күшімен 110 ардагерге тұрмыстық техника және азық-түлік қоржындары табысталды.

Ұлттық медициналық холдингпен бірлесе отырып 21 ардагерге медициналық тексеріс жүргізіліп, тегін медициналық көмек алуға арналған сертификаттар табысталды.

9 мамыр күні 30 ардагер «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Қалыптасқан дәстүр бойынша концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мерекелік дастарқан жайылды.

Ербол Жанат

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + fourteen =