Майдангерлер марқайып қалды

0 109

Санкт-Петербург қаласында өткен Жеңістің 68-жылдық мере­кесіне арналған салтанатты іс-шараға қатысып қайтқан еліміздің бір топ Ұлы Отан соғысының ар­дагерлері Астанаға қайтып оралды. Оларды республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбайұлы қарсы алды. Санкт-Петербургке аттанған ақсақалдардың бәрі де сұрапыл соғыстың қайнаған ортасында болып, ордендермен марапатталған майдангерлер. Ол кісілер ленинградтықтардың өздерін қалай құрметпен қабыл­дағанын айтып, ерліктерінің ес­ке­рілгеніне ризашылықтарын білдірді. Майдангерлер өздерін осы сапарға бастап барған ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі, отставкадағы полковник-шекарашы Қалиаскер Жантеміровке алғыстарын жаудырды. Тағы бір айта кетерлік жайт, Санкт-Петербургтен келген ақсақал Лука Жайков елге оралған күні 90 жасқа толды. Ол кісінің жеке бас құжаты сол күнге дейін ғана берілген екен. «Енді құжатымды жаңартамын» деп отыр қадірлі қария.

Көпболсын БЕКМАҒАНБЕТ,
Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің
бас маманы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =