Майдангерге – 1 миллион теңге

0 12

Елордада Ұлы Отан соғысы майдангерлеріне Жеңіс күніне орай 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі.Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Отан соғысының 25 ардагері тұрады. Сонымен қатар басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға – Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде ТМД елдерінің шекарасын қорғауға қатысқан әскери қызметшілерге, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгер ретінде қатысқан әскери қызметшілеріне, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының өкілдеріне 20 АЕК (58340 теңге) көлемінде (708 адам) төлем жасалады.

Сонымен қатар жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға 35 АЕК (102095 теңге) көлемінде (415 адам) төлем, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес басқа да адамдарға, 11 АЕК (32087 теңге) көлемінде (2695 адам) төлем жасалады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 3843 адамға 195159583 теңге төлеу жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − 2 =