МАХАТМА ЕСІМІН МАДАҚТАДЫ

0 102

ERA_9755

Бұрнағы күні Ұлттық академиялық кітапхананың «Көгілдір» залында үнді ұлтының атасы және бейбітшілік, әділеттік жолындағы күрескер Махатма Гандидің туған күніне орай өтетін Халықаралық бірлік пен рақымшылық мерекесі ұйымдастырылды.

Салтанатты шара әлемдік дең­гейдегі тұлғаның бюстіне гүл шоқ­тарын қоюдан басталды. Жиын­­ды ашып, сөз сөйлеген кітап­хана директорының орынбасары Ғал­ия Исаханова көпшілікті атаулы күнмен құттықтады. «Махат­ма Гандидің туған күніне орайластырылған бұл мейрам 2007 жылдан бері БҰҰ Бас ассам­блеясының ұйғарымымен әлемнің жер-жерінде аталып өтеді. Бұдан адамдар арасында күш қолданбау қағидасының негізін қалаған тұлғаның шығармалары әлі де маңызын жоғалтпағанын көреміз. 2006 жылы біздің кітапханамызда тұңғыш рет Үнді зерттеу орта­лығы ашылған болатын. Ондағы М.Гандидің кітабы барша оқыр­манымыздың құнды дүниесі дер едім. Әсіресе, оның таңдамалы хаттары мен сөздерінің қазақша аудармасы сарқылмас қазынамызға айналған» деді Ғ.Бөкейқызы.

Басқосуда Үндістанның Қазақ­стан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Харш Кумар Джайн сөз сөйлеп, шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ри­за­шылығын білдірді.

Мереке барысында қатысу­шы­лар еліміздегі Үндістан елші­лігі жанындағы Үнді мәдени орталы­ғының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − seven =