МАХАББАТ. ЖАСТАР. АСТАНА

0 135

корме

Елордадағы Басқару колледжінің «Қазіргі заманғы өнер» мұра­жайында қала мектептерінің оқушыларына арналған «Махаббат. Жастар. Астана» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Шараға қатысқан қалалық Білім басқармасының қызметкерлері Нағима Исина мен Бибігүл Хатпина құттықтау сөз сөйлеп, өнерлі студенттерге сәттілік тіледі.

Көрмеде Басқару колледжінің шығармашылық пәндер бөлімінің оқытушылары мен «Дизайн», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандықтары бойынша студенттердің сәндік-қолданбалы өнер шығармалары ұсынылды.

«Дизайн» мамандығы колледжде 2004 жылы сұранысқа орай ашылған болатын. Содан бері осы мамандық бойынша дәріс алып жүрген студенттер қаншама өнер туындыларын дүниеге әкелді. Бұл көрмеде сондай жастардың қолынан шыққан көркемсурет, графика, сурет, кесте, тігін өнімдері, кәдесыйлар, қуыр­шақтар, бисерден жасалған әшекей бұйымдар қойылған.

Зарина СЕРІК,
Басқару колледжінің студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − nine =