«Магнитканың» мысын басты

0 125

1330963915_b_5-marta-2012-goda-astana-plej-off-chempionata-kkhl-1-8-finala-barys-metallurg-4-1КХЛ чемпионатының кезекті ойынын Магнитогорск қаласында өткізген  «Барыс» жергілікті «Металлург» командасын буллит бәсекесінде жеңді. Ойынның негізгі уақытында есеп 3:3 болып аяқталған еді. Овер-таймда есеп ашылмаған. Ал буллит соғуда астаналық Роман Савченконың дәл соққысы ойын тағдырын шешіп кетті. «Барыс» қақпашысы Ари Ахонен өз қақпасына бағытталған үш шайбаны да кері қайтара білді. Осылайша, «Барыс» сырт алаңнан екі ұпай иеленді.

«Барыс» келесі ойынын ертең, 3 желтоқсан күні Челябинск қаласында «Трактор» командасымен өткізеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + 8 =