Маэстроның шеберлік сабағы

0 33

«Астана Операда» Миланнан келген маэстро Гаэтано Доницетти атындағы музыкалық ­академияның камералық ән айту бөлімінің меңгерушісі, вокалистер арасында үлкен беделге ие Анатолий Гусевтің шеберлік сабағы мен жеке шыңдалу бағдарламасы өтті.Қазіргі таңда Анатолий Гусев Миланда тұрады, сол жерде опералық ән айту мектебінің негізін қалаған, бұдан бөлек ол Siberian Solo жас вокалистердің шығармашылық зертханасының ұстаздар тобына енген, әділ қазы мүшесі ретінде көптеген италиялық және халықаралық вокалдық байқауларға тұрақты түрде қатысады.
– Бұл – менің «Астана Операға» төртінші мәрте келуім. Бір жағынан, жұмыс қарапайым, ал екінші жағынан күрделі. Күн сайын 7-8 солистпен техникалық дайындық, стильді түзету, опералардың италиялық, француздық мәтіндерін айтуды ретке келтіру бойынша дайындаламыз. Кейбіреулер жоғары ноталарды, кейбірі төменгілерін ала алмай жатады. Белгілі бір солистермен речитатив бойынша жұмыс істейміз. Осының бәрі кәсіби театрлық қазанда қайнап, піседі. Біз өмір бойы білім аламыз, ал вокалист өз-өзін жетілдіруді тоқтатса, бәрі де аяқталады. Жыл сайын денеміз, дауысымыз өзгереді, сол себепті біз де соған қарай қайта өзгеруіміз қажет, бұл – тоқтаусыз жұмыс үрдісі, – деді
Анатолий Гусев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 5 =