Маэстроның мазмұнды кеші

0 33

«Астана Опера» театрында жаңа жобаның шымылдығы түріліп, алғашқы кеш театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Алан Бөрібаевтің «Мольер, Вольтер және Бомарше немесе Француз комедиясының негізін салушылар» атты опералық-симфониялық концертпен басталды.

Жобаның өзгешелігі – концертте Жан-Батист Мольер­дің «Тоғышар» комедиясы еркін оқылып, маэстро­ның өзі жасаған монолог нұсқасы Рихард Штраустың осы шығармаға арнап жазған музыкасынан сюитамен бірге шырқалды. Әр жылдары аталған пьесадағы музыка мен драманың сәтті үйлесімін Алан Бөрібаев Балтимор (АҚШ), Дублин (Ирландия), Майнингенде (Германия) ұсынып, өнерсүйер қауымның зор қызығушылығын тудырған еді.
Музыкалық монологтың негізгі қаһарманы Мольердің кейіпкері Журден мырза екенін айтсақ, Алан Бөрібаев оны күлкілі, сүйкімді және аңқылдақ әрі паң мінезді адам ретінде бейнелей білген. Мольердің қолтаңбасын сақтап қалған. Барлық оқиға осының айналасында өрбиді. Журден мырзаны оркестр музыканты Әсет Нелдібаев сәтті сомдады.
Кештің көркін қыздыр­ған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат ­Мұсабаев, Айгүл Ниязова, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, «Құрмет» орденінің кавалері
Айзада ­Қапонова, халықаралық байқау­лардың лау­реаттары Талғат Ғалеев, Евгений ­Чайников, Гүлжанат ­Сапақова, Ержан ­Сайыпов, Шыңғыс Расылхан, Ерұлан Кәмел және тағы басқа талантты өнерпаздардың өнері ешкімді де бей-жай қалдырма­ды. Аяққа құйған астай, жып-жинақы өткен концерттің режиссері ­Еренбақ Тойкеновтің де еңбегін ерекше айтып өткен жөн.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × five =