Мади ма, әлде Мәди ме?

0 49

Кейде елордадағы көшеге есімі берілген тұлғалардың аты-жөні толық немесе анық жазылмағандықтан түсінбес­тік туып жатады. Кеше белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Несіпбек Айтұлы хабарласып, осындай бір жағдай басынан өткендігін айтты. Несіпбек аға Караөткел тұрғын алабына барғанда «Мади» деген көшені көріп, «Бұл қай Мади?» деп әрі-сәрі ойланып қалыпты. Сөйтіп, ойының бір ұшы, бұл арқалы ақын, әнші – композитор Мәди Бәпиұлына берілген көше болар дегенге тіреледі.
Бірақ қазақ оны «Мәди» деп жазады. Ақын өзінің өлеңінде: «Бәпиден жалғыз туған Мәди едім» деп айтады. Онда көшеге «Мәди Бәпиұлы» деп толық жазу қажет.
– Қазақта тегімен емес, есімімен қалыптасқан тұлғалар бар. Мысалы, олар: Абылай, Абай, Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім, Қажымұқан болып айтылады. Енді заңғар жазушы Мұхтар Әуезовті «Мұхтар» деп айта алмайсыз. Ол кісі фамилиясымен қалыптасқан. Оның үстіне Мұхтарлар көп. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановты да, академик Қаныш Сәтбаевты да солай толық жазу керек. Бір қуанарлығы, көшеге есімі берілген Біржан сал, Ақан сері аталарымыз дұрыс жазылған. Мысалы, атақты қобызшы Ықылас Дүкенұлын «Ы.Дүкенұлы» көшесі деп жазыпты. Ал осыны кім біледі? Міне, осындай көше атауларында қателіктер бар. Соны қалалық әкімшілікке, осыған жауапты адамдарға құлаққағыс ретінде айт­қым келеді, – деді Несіпбек Айтұлы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =