МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘНІ БӨЛЕК

0 111

Еркін ЖУАСБЕК, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының директоры-көркемдік жетекшісі

Иә, айтар жетістік көп. Ең бастысы, еліміздің 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындадық. Көшбасшымыз көрсетіп берді. Тек іске кірісу керек. Белгіленген бағыт бойынша ел игілігіне қызмет етуге тиіспіз. Себебі, Жолдаудағы әрбір ойдан, мақсаттан, тапсырмадан, міндеттен ұлттық мүдденің исі аңқиды. Әсіресе, «Мәдениет, дәстүр және даралық» атты бөлімшесінен қуат алдым, жігерлендім. «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды. Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиын­шы­лықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұра­тын қа­зақ­тар және басқа да халықтар­дың өкілдері өздерінің мәдени ерек­шеліктерін сақтай алды… Қазақ­стан – бірегей ел. Біздің қоғамда әртүрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр беріп тұрады.
Біз өзіміздің ұлттық мәдение­тіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек». Бас құжаттағы осы сөздерді өзіме жүктелген міндеттей қабылдадым.

Мәдениеттің іргесі күн санап кеңеюде. Руханиятымыз үсті-үстіне дамуда. Мұны тәуелсіздіктің жемісі деп білем. Тәуелсіздіктің арқасында ғана ел ағаларының, азаматтардың ісімен жетілдік, бекідік. Бұл іс әр буында жалғасу қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + ten =