Мәдениет майталманы марапатталды

0 97

Есімі астаналықтарға етене таныс ұлт жанашыры, ұлағатты ұстаз Оспан Сүлейменов мәдениет саласының үздігі атанды.

С.Сейфуллин мұражайында ОспанСүлейменов пен Бақыт Дүйсенғалиевке аталмыш марапатты Парламент мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков табыстады.

– Өнер жолы – киелі жол. Еліміздіңайбынын асқақтатып, ұлттық құндылықтарымыздышетелгетанытып жүрген осы мәдениет саласының майталмандары. Еңбегі еленген бүгінгі қос азаматты үздік атануымен құттықтаймын» деді Ж.Ахметбеков.

Оқу ісінің үздігі Оспан Сүлейменов «Ақмолам – Астанам», «Ата өсиетi», «Қазағымның дәстүрi» сынды бiрнеше әндердің авторы. Жүрегiн тебiренткен сезiмдерi күй болып та төгiледi. Ақын, тiлшi, суретшi, сазгер, әншi, дирижер, күйшi және осы саланың барлығында өзiнiң қолтаңбасын қалдырған ол, ең алдымен – ұстаз. Шәкірт тәрбиелеуде әлі күнге дейін жалықпаған ағамызға тек табыс тілейміз.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =