Мәдени шаралар мәзірі

0 6

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы осы апта аяғына дейін өтетін мәдени іс-шаралар тізімін жариялады.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «АЛЖИР» тұтқыны Ревекка Журбинаның туғанына 125 жыл толуына орай 10 маусымға дейін «Атылмаған сенім» атты онлайн көрме өтеді.
«Наз» мемлекеттік би театрында 10 маусымға шейін әсерлі билердің онлайн көрсетілімдері және театр әртістерінің орындауында би қимылдары бойынша шеберлік сабағы өтеді. 12 маусымда Аффари бизнес-орталығында «Қимылмен өрнектелген «Наз» би әлемі» атты концерттік бағдарлама ұйымдас­тырылады.
11-13 маусым аралығында Қуыршақ театрында түрлі-түсті қуыршақ балеттері өтеді.
«Астана» концерт залында 10 маусымда «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің қатысуымен халық әні бөлімінің XVIII концерттік маусымының жабылуы аясында «Ән самалы» іс-шарасы өтеді деп күтілуде.
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры 10-12 маусым аралығында үш қойылым қояды. Бұл күндері «Братья Гримм» импровизациясы және Г.Гориннің «Кин IV» трагикомедиялық астарлы әңгімесінің премьерасы өтеді.
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі орталық «Киелі карта. Елорданың ескерткіштері мен нысандарындағы Нұр-Сұлтан тарихы» онлайн-лекциясын 10 маусымға жоспарлап отыр.
12 маусым күні 19:00-де жазушы Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы», «Маңдайдан бағың таймаса», «Қош, махаббатым» әңгімелерінің желісі бойынша «Ауыл хикаялары» спектаклі қойылады.
Қалалық саябақта, «Жазушылар аллеясында» ашылған «Ашық аспан астындағы кітапханаға: жазғы оқу залына» баруыңызға болады. Айта кету керек, іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × two =