Лебіз

0 38

Айман МҰСАҚОЖАЕВА,
Қазақ ұлттық өнер
университетінің ректоры,
Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері

Елордалық қоғам белсенділері Тұңғыш Президент күніне орай шара бастады. Атап айтқанда, алдағы күндері елорданы көшіру, қала салу, ірі нысандардың ашылуы туралы бірқатар бейнероликтер көрсетіледі.

– 1997 жылы елорда Ақмолаға көшкенде біз, жастар, Қазақ ұлттық музыка академиясын құрсақ деп талпындық. Нұрсұлтан Әбішұлы, Үкімет және қала әкімі Әділбек Жақсыбеков те аянып қалмады. Міне, бүгін біздің осында қызмет істеп жатқанымызға 22 жыл болды. Қазақ ұлттық музыка академиясы ретінде 10 жыл жұмыс істедік. Ендігі атауы – Қазақ ұлттық өнер университеті. Біздің оқу орнымыздың қалыптасу кезеңінде Елбасы бізге көп көмек көрсетті. Осы кезеңде елімізде әртістердің жаңа буыны – Димаш Құдайберген, Сүндет Байғожин, Лаура Ахметова өсті. Бұлар – біздің мәдениетімізді танытып жүрген нағыз дарабоздар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа астанада мәдениетті қалыптастыра бастаған уақытты біз ренессанс, яғни қазақстандық мәдениетті қайта жаңғырту кезеңі деп атаймыз.


Нұрсұлтан ХАМИТОВ,
Елордадағы туристік
полиция қызметкері

– Біздің қаламыз күннен-күнге дамып, шетелден туристер келіп, біздің Қазақстанмен, астанамызбен танысып жатыр. Сондықтан елордамызға туристік полиция қызметкерлері керек, себебі туристермен тікелей байланыста болатын – осы туристік полиция, олар қандай да бір көмек, заңды ақпарат керек болса бізге жүгінеді, сондықтан елорданы басқа елдерге таныту үшін туристік полиция қызметкерлерінің маңызы зор екенін атап өтуге болады.

Туристік полиция болудың ерекшелігі – ең бірінші шетел азаматтарымен, туристермен тікелей байланыста болу, екіншіден, оларға қандай да бір көмек көрсету, қарым-қатынас жасай білу. Туристерге біздің Қазақстан Республикасы полицейлерінің атынан тарихымыз туралы мағлұмат беріп, батырларымызды таныстыру, олардың ерліктері туралы айту. Нұр-Сұлтан қаласындағы туристер көп баратын ерекше жерлерді көрсету біздің тікелей міндетімізге жатады. Мен де Тұңғыш Президентіміз секілді Нұрсұлтан есіміне сай болып, Қазақстан Республикасына, Қазақ еліне аянбай еңбек еткім келеді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + 4 =