ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТӘРТІБІ ҚАРАЛДЫ

0 102

ERA_5857

Осы аптада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласындағы Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Департамент басшысы Тілеген Қаскиннің төрағалығымен өткен жиында Астана қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің және Бас көлік прокуратурасының ұсыныстары негізінде жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің талаптарын бұзғаны үшін бірнеше лауазымды тұлғаның тәртібі қаралды.

Атап айтқанда, Астана қаласы Білім басқармасының №47 «Ақжелкен» балабақшасының меңгерушісі Гүлпан Шоқаева, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің аға инспекторы, полиция майоры Қият Көшкінбаев, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Аталықов және ҚР Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Астана қаласының ауданаралық мамандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Дана Пірімқұловаға қатысты тәртіптік істер таразыланды. Нәтижесінде бірі атқарып отырған қызметімен қош айтысса, енді біріне тиісті тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізілді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =