Лариса КРАСНИКОВА: ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕР ТЕКСЕРІЛЕДІ

0 176
Лариса Красникова, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы

1_1531

– Астана қаласында «Транзит» жедел-профилактика шарасы басталыпты. Бұл жұмыстың мақсаты не?

– Соңғы уақытта елімізде шетелдік көлік жүргізушілері тарапынан болатын Жол қауіпсіздігі ережесін бұзу жағдайлары жиі орын алып кеткен болатын. Соған орай, Жол-патрульдік полициясы тиісті шара қолдануға тура келді. Сіз айтып отырған «Транзит» жедел-профилактика шарасы, міне, осы мақсатпен жүзеге асырылып отыр.

– Шетелдік көлік жүргізушілері тарапынан соңғы айларда қанша ереже бұзушылық болды және олардың сипаты қандай?

– Тек қана соңғы тоғыз айдағы мәлі­меттерді келтірер болсам, республика бойынша шетелдік көліктердің жүр­гізушілері тарапынан 26 мың жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелген. Олардың 28-і – жол-көлік оқиғасы. Соның салдарынан 58 адам әр түрлі жарақаттар алған.

– Енді «Транзит» жедел-профи­лактикалық шарасы бойынша тек шетелдік көліктер қатаң тексерілетін бола ма?

– Әдеттегідей, қалада жол ереже­лерінің сақталуы қатаң бақылауда бо­лады. Алайда, арнайы «Транзит» шара­сына 500 қызметкер жұмылдырылған. Осы жол-патрульдік полициясы мен көші-қон полициясы қызметкерлері шет елдерден келген көліктерді ерекше бақылауға алатын болады. Олар­дың бұрын-соңды ереже бұзып не бұз­ба­ғаны, құжаттарының дұрыстығы – түгел тексеріледі. Жүк тасымалдау көліктері, жеңіл автокөліктер, тағы басқа көлік құралдарын кіргізу кезінде көлік иелерінің кедендік бақылау заң­намаларын сақтамай немесе басқа да заңбұзушылыққа барғаны анықталса, олар дереу елімізден шығарылады.

– Бұл қанша күнге созылады?

– «Транзит» жедел-профилактика шарасы 27 қазанға дейін жүргізіледі.

 

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × four =