La Scala театры Астанаға келеді

0 143

tumblr_mff4lwGkvn1roi9ggo1_1280

Миланның әлемге әйгілі La Scala театры 2014 жылдың 30 маусым – 4 шілде аралығында Астанаға гастрольмен келмек. Атақты театрдың қойылымдары «Астана Опера»  театрының  сахнасында өтеді. Милан театры өзімен бірге Рудольф Нуриев редакциялаған Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балеттік спектаклін алып келеді, деп хабарланды астаналық театрдың баспасөз қызметінен.

Аты аңызға айналған театрдың атақты әртістері «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсететін болады. Классикалық нұсқада қойылатын  «Дон Кихот» спектакліне билеттер биылғы жылдың желтоқсан айынан сатыла бастайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − seventeen =