Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Универсиадаға арналған шара өтті

0 236

Осы аптаның соңында Алматыда Бүкіләлемдік қысқы Универсиада басталады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылған «Студенттік спорттың болашағы мен дамуы» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» мәжілісі осы халықаралық спорт форумына арналды.

erm_0081

Әлеуметтік ғылымдар факуль­те­тінің дене шынықтыру және спорт кафедрасы ұйымдастырған ғылыми-практикалық форумға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт коми­тетінің, Ұлттық спорт және жауын­гер­лік күрес федерация­лары, Қ.Мұңайт­пасов атындағы рес­пуб­ликалық мек­теп-интернат-кол­леджі­нің өкілдері, белгілі ғалымдар, Олимпиада ойындары мен әлем чем­пионаттарының, Азия біріншілік­те­рінің жүлдегерлері қатысты.
Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Байжұман Қашқынбаев шараға қатысушыларға алдымен алғысын білдіріп, студенттік спорттың бола­шағы мен дамуы жөніндегі ойын ортаға салды. Айтулы тақырып аясында сөз алған дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Маршыбаева университет студенттерінің халықаралық жа­рыстардағы жетістіктері, сонымен қатар оларды дайындау барысы туралы баяндап берді.
Оқытушы-ғалымдар – Асқар Жұ­маділханов, Халық Қожахмет. Гүл­жауһар Болатова және Есен Ома­ров­тың баяндамалары да тыңдау­шы­лар­дың қызығушылығын тудырды. Студент-спортшылар да өз ойларын айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл ретте тек қана универ­ситеттің ғана мақтанышы болып қоймай, респуб­ликамыздың мерейін өсіріп жүрген спортшылар – 2016 жылғы Рио-де
Жанейрода өткен Олимпиа­да ойында­рына қатысқан Екатерина және Алек­сандра Немичтер, Пара­олимпиадаға қатысушы, көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері Әнуар Ахметов, Бүкіләлемдік Уни­вер­сиаданың жүлдегері, самбо күре­сінен Азия чемпионы Ажар Кенбейіл және басқалары өздерінің спорттық жетістіктері мен жеңістері жөнінде әңгімеледі.
Университетте өткен «дөңгелек үстел» мәжілісінде жасалған баян­дамалардың негізінде қарар қабыл­данды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − eight =