Квест-ойын өткізді

0 58

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжімен Нұр-Сұлтан қаласының «Даналық» колледжі бірлесіп, студенттер арасында «Antiparacraft» квест-ойынын өткізді.

Ойын барысында М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің «Жас қыран» және «Әділет жастар» колледжінің «Даналық» атты екі командасының капитандары әріптерден сөздер құрастырып, «адалдық», «парасаттылық», «алаяқ», «жемқорлық» және т. б. сөздерге нақты анықтама беріп, сыбайлас жемқорлық туралы викторина сұрақтарына жауап берді. Квест-ойынның соңғы кезеңінде сыбайлас жемқорлық туралы алдын ала дайындалған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» әлеуметтік бейнероликтерді көрсетті.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті тәрбиелеу­ге және «адалдық», «парасаттылық» және т. б. сияқты ұғымдарды кеңірек тануға ықпал етеді. Іс-шараның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы атынан алғыс хаттар табыс етілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 15 =