«КВАТРОНЫҢ» КОНЦЕРТІ КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ

0 105

Бұрнағы күні Бейбітшілік пен келісім сарайында «Астана кештері» ІІ халықаралық өнер фестивалі шымылдығын ашты. Қайырымдылық жобасы сипатындағы іргелі шараға барлық билет сарайдың кассасынан тегін таратылды. 

Ұйымдастырушылардың мақ­саты – халықтың түрлі әлеуметтік топтарына жоғары деңгейдегі өнер шығармаларымен сусын­дауға мүмкіндік беру. Фестиваль «Дегдар» МҚ қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға На­зарбаеваның бастамасымен өтуде. Жоба аясында Ресей мен Қазақстанның танымал орындаушылары өнер көрсететін үш концерт берілмек. Алғашқы күні көпшілік «Кватро» тобы­ның концертін тамашалады. Өнер­сүйер қауым сахнадағы Дариға Назарбаеваның өнеріне қошемет көрсетті.

Салтанатты кеш «Мәдениет» арнасында өнер көрсетіп жүр­ген «Романс романтикасы» жо­ба­сының тұрақты қатысу­шы­лары – Петербург романсы жұл­дыз­дарының өнерімен жал­ғасын тапты.

Бүгін – «Астана кештерінің» соңғы күні. Астаналықтар мен қала қонақтары халық әртісі Айман Мұсаходжаеваның, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеевтің және «Солистер академиясы» мемлекеттік каме­ралық оркестрінің концерттерін тамашалайды.

Шараның жүргізушісі – Ресейдің халық әртісі Святослав Бэлза кеш­тің әрін кіргізуде.

 Асхат Райқұл

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 16 =