Күшік күйеу күттірмеді…

0 161

Қанат Ескермесұлы ЕСКЕНДІР – қазақ сатирасының кәмикадзесі. Таразда өсіп, Алматыға көшіп кеткен. Қазір сондағы жер үйлердің бірінде ас ішіп, аяқ босатып, тіс шұқып, табанын тыр-тыр қасып жатқан жайы бар. Негізгі байлығы – қытайский қалам мен анда-санда қыңыр-қисық әңгімелерін түртіп қойып жүретін сәбетский үстел. Қағаз тапшылығын да онша сезіне қоймаған. Әгәрәки, дәптері болмай қалып, шабыты қатты қысып жіберген жағдайда, жатқан-тұрған жәшіктер, газеттің етегі, алақаны дегендей сия жұғатын жерлердің бәріне сүйкектете береді. Өзі, келіншегі, үш баласы – таза қазақ, көршілері – шала қазақ. Әлпеті – әне, әңгімесі – міне…

– Қақа-ау, әнеугүні сендерді Нұртас ағаның баласы неге төбелестіріп кетті?

– Жаназада жанжал шығарғаннан Құдай сақтасын! Тойда төбелескенді Тәңірі қолдасын! Кланды бастағандар да, ұранды тастағандар да қозғалта алмаған қазақты қыз дауысты қара домалақ әнші «қырық пышақ» қылып кетсе, ол да – біз жеткен бір «жетістік».

– Сол бала жиі сұхбат беретін «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы да «аспан қызын» қазақша сөйлетпек боп, басы бәлеге қалған дей ме?

– Жарылғап Қалыбай ұшаққа мінем деп істі болды, Ол кісіні түрмеге тоғытқандар,

Шыны керек, мемлекеттік тілді менсінбейтін «күшті» болды.

Шенеунік пен олигарх мінетін көлікке отырған.

Жарылғап ағам да «кінәлі». «Скаттағы» скоттар бетіңе басады мұны әлі…

Үш күн отқан түрмеде толеранттылықпен емделу керек!

Қалыбай мырза! Отырмай тұрып ұшаққа, Әуелі үш тілді меңгеру керек…

– Бірақ, жақында ғана Астанаға ат басын тіреген елшілердің өзі Жарылғап, сен және мен үшеуміздің тілімізді ежіктеді ғой?

– Қазір міністірлер мен әкім-қаралар қағазға шұқшиып міңгірлегенде, «Кәрімнің көжесін» көп ішкен екен деп қаласың.

Олардың жанында елшілердің ежіктегені қазақ өкіметінің басшыларына пародия жасағандай екен.

– Енді зілтемірші Зүлфия «жерлесіңнің» қытай әріптесіне тиіп алғанын білесің.

Осының астары бүтін бола қоя ма екен, ә?

– «Зілтемірді Зүлфия көтерді, Зүлфияны қытай біткен жабылып… ыңқия көтерді» десек, әп-әдемі саяси жаңылтпаш болады да шығады.

«Қыз қайда, ойбай, қыз қайда?!» деп өре түрегелетін қазаққа күшік күйеу мен оның қырық күтушісін әкеп тастап, қытай бізді қатырды.

Менің аттасыма (Қанат Ісләм ғой) бермеген азаматтықты «қара қытайға» тегін ереміз!

– Солай ойлайсың ба?))

– Мхм. Ойлауға болмай ма, не?((

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × three =