Күш атасына арналған челлендж

1 19

Қазақ елінің тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен елорда тұрғындары арасында Instagram әлеуметтік желісінде челлендж бастау алды.

Аталмыш челленджге елорда тұрғындарының бәрі қатыса алады. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, білекті, шымыр жандарды анықтау. Жарыстың басты талабы – 16 кг болатын гирді көтеру. Гир көтергенде шынтағыңыз тік тұруы шарт. Ал қолыңыз шаршаған кезде жұлқып көтеруіңізге болады. Достар, спорттың қай түрінен қатыссаңыз да сапаға мән беріңіз. Яғни шынтақ, иық буындарыңыз толығымен түзу болуы керек. Ал турникте аяғыңызды бір қалыпта ұстап иекке дейін тартылуыңыз шарт. Барша Қазақстан жастары осы челленджге белсене қатысуға шақырылады.
Челленджге қатысу үшін түрлі спорт түрінен 150 мәрте жасаған жаттығуын видеоға түсіріп, Instagram желісіне #ҰлыДалаБатырыменБірТолқында #Қажымұқан150жыл хештегімен жариялайды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және спорт клубтарына берілетін сертификаттармен марапатталады. Челлендж 10 сәуірге дейін жалғасын табады.

  1. Асхат :

    Жарайсыңдар

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + sixteen =