Күш атасына арналды

0 10

Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Жаһандық күш ­атасы – Қажымұқан» атты халықаралық ­онлайн-конференция өтті. Ақмола облысы Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы өткізген шараға Қазақстан, Ресей, Түркия, Мажарстан, Қырғызстанның белгілі ғалымдары қатысты.– Қажымұқан – аты аңыз­ға айналған тұлға. Ол Алпамыс, Қобыланды, Бөгенбай, Қабанбай сынды ежелгі дала алыптарының тарихи жолын жалғастырған адам. Қазақстанда грек-рим күресінің қалыптасуы онымен байланысты. Біздің ұлы жерлесіміз Қазақстанды халықаралық аренада таныстырды. Ақмола өңірін даңқтап, Азия, Еуропа, Америка және Африка құрлықтарын жаулап алған балуанның есімі тарихқа енді, – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова.
Бұдан әрі Қажымұқан Мұңайтпасовтың ұлттық спорт пен мәдениеттің дамуына ықпалы туралы Қазақстан, Ресей, Түркия, Мажарстан, Қырғызстанның белгілі ғалымдары баяндама жасады. Айта кетейік, шараға атақты спортшының немересі, әнші, ақын Бақытжан Қажымұқан арнайы қонақ ретінде қатысты. Сондай-ақ мерейтойға орай Қажымұқан Мұңайтпасовтың жеке заттарынан «Әлемді білегінде ойнатқан палуан» көрмесі ұйымдастырылды, Ақмола облысы балуандарының қатысуымен спорттық жарыс өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =