Күре жолдағы күмбезді мешіттің жамағаты көп

0 157

20140728_074312+

Астананың әуежайына апарар жолда, Пригородный тұрғын алабы маңында ашылған мешіт туралы алғашқылардың бірі болып сүйіншілеген едік. Рамазан айының алдында жамағатқа төрін ұсынған құлшылық үйінің дастарқанынан ораза айының отыз күнінде ауыз бекіткендер дәм татумен, намазхандар мінажат етумен болды. Жаңа мешіттен күні кешегі айт намазын оқуға ниет еткен мұсылмандар қатары да аз болмады.

Мың жарымға жуық адамға арналған құлшылық үйі ұлық ғибадаттан кейін жамағат арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Көпшілік асық атудан, қол күресінен, кір тасын көтеруден сынға түсіп, ораза айтқа арналып жайылған дастарқаннан дәм татты.

Мешіттің бас имамы Ермек Мұқатайдың айтуынша, құл­шылық үйіне бас сұғатын жамағат саны күн санап артып келеді. «Бүгінгі діни мерекеде Қадір тү­ніндегідей босағамызды аттаған бауырларымыздың қатары тіпті көп болды. Сол қалыпты сақтап қалу үшін бар күш-жігерімізді салудамыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Үмбеттерімнің көптігімен мақтанамын» деген ғой, иншалла, көп болсақ, шығар асуымыз да биік болады» дейді бас имам. Сондай-ақ, ол Астанаға ат басын бұрған қонақтар мен сапар шегуші ел азаматтары жол бойындағы өзіндік шығыс үлгісінде көзді тартатын мешітке қадам басып, Құран оқытып, дұға ететінін де әңгімеледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − three =