«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Күрделі ота жасайтын клиника

0 219

Оншақты жылдың көлемінде Ұлттық нейрохирургия орталығы еліміздегі ірі клиникаға айналды. Біздің орталықта айына 3 мыңдай аса күрделі ота жасалып, оның 95 пайызы сәтті шығып, науқастарымыз қатарға қосылып жатады.

Атап айтқанда, нейрохирургиялық оталар, нейроонкология, бас-ми, омыртқа-жұлын оталары, қан-тамыр аурулары, буын кеселдері жалпы алғанда осы бағыттағы 500-ге тарта кеселдің түріне ем-дом осы жерде жүргізіледі. Одан бөлек, науқастарды оңалтуға көп мән береміз. Ол үшін арнайы бөлім ашылып, науқасты қалпына келтіретін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Біздің клиниканың материалдық-техникалық базасы Орталық Азияда теңдесі жоқ және ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, бұл әрбір жағдайда дәл диагностика жасау мен емдеудің нақты әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Орталықта 96 дәрігер және 222 мейіргер жұмыс жасайды. Дәрігерлердің жартысына жуығы жоғары санатты, 6 дәрігер – медицина ғылымдарының докторы, 16 дәрігер – медицина ғылымдарының кандидаты, 3 дәрігерде PhD деңгейі бар. Дәрігерлердің кәсіптік деңгейі, біліктігі орталық жұмысын өрге сүйрейді. Сондықтан да соңғы нейрохирургия саласындағы жаңалықтардың озық технологияларды жаңа әдіс­терді үйреніп, заманға сай әрекет етуге мүдделіміз.
Жоғарыда айтқандай, орталықтың оңды тәжірибесі шетел асып та жатады. Орталыққа шетелден емделуге келушілерге де барлық мүмкіндік жасалып, байланысты мейлінше жеңілдетуге тырысамыз. Осы негізде шетелдік пациенттердің Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы мүмкіндіктері туралы ақпаратқа қол жеткізуі үшін www.medicaltourism.kz бірыңғай онлайн-порталы іске қосылды, ол медициналық ұйымдар, олардың жабдықталуы, ұсынылатын қызметтер, мамандар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін болады.
Сондай-ақ медициналық туризм бойынша «Call-орталық» іске қосылды. 1430 нөмірі бойынша қазақстандық және шетелдік пациенттер тәулік бойы қажетті ақпарат пен кеңес ала алады.

Талғат ПАЗЫЛБЕКОВ,
Ұлттық нейрохирургия
орталығының медициналық
директоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды