Купеде – тек әйелдер

0 24

Еліміздің пойыздарында әйелдерге арналған купелер шығарылатын болды.Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы Питер Штурм мәлімдеді. «Біз әйелдерге арналған купені ойлап таптық, бұл жерде тек әйелдер ғана бола алады. Нәзік жандардың айтуынша, бұл қауіпсіздігі өте жоғары орындар болмақ. Біз енді отбасыларға арналған купелерді де жасақтамақшымыз» дейді ол. Акционерлік қоғам басшысының айтуынша, бұл әрекеттер біздің адамдарға қызмет көрсету деңгейін көтеріп отыруға деген ұмтылыс пен әрекетіміздің көрінісі деп отыр. Негізі, мұндай бастама сонау 2018 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты атынан көлік жөнінде заңнама қабылданатын кезде түскен болатын. Сол кезде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті тарапынан толыққанды қолдау таппай тақырып жабылып қалған еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − 2 =