©2020 Астана Ақшамы
Күнсұлудың концерті
«Астана» концерт залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Халық әні» бөлімінің солисі, термеші, әнші, Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалінің лауреаты Күнсұлу Тұрлыбекованың «Өмірім өзің» атты жеке концерті өтті.
«Сарыарқа» халық музыка ансамблінің сүйемелдеуімен өткен кеште К.Әзірбаевтың «Жаса, Қазақстаным», Е.Үсеновтің «Өмірім өзің», Ә.Әміровтің «Қос қайың», М.Тіналиннің «Балдырған», «Құрбым ай», «Әйкен-ай», «Гүлдерайым» сынды халық әндері, Қ.Гасимованың «Анама», Н.Тілендиевтің «Әке туралы жыр», «Той сапар», К.Дүйсекеевтің «Домбыра туралы баллада», Дәнеш Рақышевтің «Наурыз той», Ақан серінің «Ләйлім шырақ», Ғ.Құрманғалиевтің «Елге сәлем», Ш.Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әндері, жыр-термелер шырқалды.
Жанды дауыста, қазақы қалыпта ұйымдастырылған концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, Мәдениет саласының үздігі Қарагөз Гасимова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Мұратбек Хайролда қатысты. Халыққа жақсы таныс сұлу сазбен әспеттелген әуезді әндердің шырқалуымен қатар, әншінің репертуарына жаңадан енген бірнеше әннің де тұсауы кесілді.