Күнкөрісі төмендерге көмек беріледі

0 33

20 шілдеден бастап 1 миллионнан аса қазақстандықтарға азық-түлік және тұрмыс­тық жиынтық үшін төлем беріледі. Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің мәліметінше, 20 шілдеден бастап айдың аяғына дейін 5556 теңге көлеміндегі төлем әлеуметтік ахуалы төмен азаматтардың банк картасына жіберіледі.

Жергілікті әкімдіктер қолда бар деректер негізінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алуға құқылы адамдардың тізімін бекітеді. Содан соң төлем алатын азаматтарға шілде айына 2 АЕК (5556 теңге) көлемінде қаржы таратылады. Бұл төлемді мынадай азаматтар алады:

  1. Атаулы әлеуметтік көмек алу­шылардың қатарына кіретін 6 жас­тан 18 жасқа дейінгі балалар.
  2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.
  3. Медициналық-әлеуметтік меке­мелерде тұрақты тұратын мүге­дектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер.
  4. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар.
  5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Адамдардың бір-бірімен байланысын болдырмау және жұқпалы дертті жұқтыру тәуекелін азайту үшін азық-түлік және тұрмыстық жиынтықты 2 айлық есептік көрсеткішке ауыстырғаны мәлім. Биыл наурыздан мамыр айына дейін еліміздегі 1 миллионнан аса адам 13,5 млрд теңгенің төлемін алды. Премьер-министр 14 шілдедегі Үкімет отырысында қазақстандықтарға азық-түлік және тұрмыс­тық жиынтық төлеуге әкімдерге тапсырма берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 6 =