Күні-түні тыным жоқ

0 14

Кешеден бері елордада боран соғып, қар жауып тұр. Осы жағдайға байланысты қала басшысы Алтай Көлгінов жұмыс күні басталғанға дейін қаланың бірнеше жерін, соның ішінде жеке секторды аралап, қардан тазарту жұмыстарының барысымен танысты.Қала басшысы аудан әкімдеріне күн сайын өз аумақтарын аралап, бірінші кезекте қай жерлерді қардан тазалау қажет екендігін бақылауды тапсырды. Қазірден бастап су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейтуге баса назар аудару қажеттігін еске салды. Пәтер иелері кооперативтері мен мердігер ұйымдар аула ішіндегі аумақтарды тазалау бойынша жұмыстарды жандандыруы тиіс екенін ескертті. «Әлеу­меттік нысандар аумағынан, жаяу жүргіншілер жолынан бөлек аула аумақтарын да тазарту қажет. Пәтер иелері кооперативтері мен мердігер ұйымдар өздеріне тиесілі жауапкершілікті нақты сезінуі қажет. Қыс әлі аяқталған жоқ, қарды тұрақты тазалап, шығару қажет. Жаңа арнайы техниканы толығымен пайдаланыңыз­дар» деді Алтай Көлгінов. Жалпы қыс мезгілі басталғалы қаладан барлығы 1819551 текше метр қар шығарылды. Бұл – өткен қыспен салыстырғанда 575324 текше метрге артық көрсеткіш.
Соңғы тәулікте тынымсыз жауып тұрған қарды шығару жұмысы күні-түні жүргізіліп жатыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды