«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Күнгейбаева – алтын жүлдегер

0 193

Бокстан әлем чемпионы астаналық Ләззат Күнгейбаева Польшада өткен халықаралық турнирде алтын жүлдегер атанды.

 

– Бұл жарыста 21 елден спортшылар қатысты. Өзім турнир барысында төрт жекпе-жек өткіздім. Қарсыласымның бәрі өз елдерінің бірінші нөмірлі боксшылары болды. Ең қиын кездесуім финалда ресейлік боксшыға қарсы өтті. Алда бізді әлем чемпионаты күтіп тұр. Бұл бәсеке дүбірлі доданың алдында үлкен дайындық болды, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Берік Маржықпаевтың шәкірті Ләззат Күнгейбаева.
Қазақстан құрамасы сапында әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын елордалық боксшы бойжеткенге сәттілік тілейміз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды