«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Күнделікті өмір көріністері

0 393

Тәуелсіздік сарайында жас суретші, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Нұрболат Асқардың «Өмір» атты жеке көрмесі өтіп жатыр. 21 қазанға дейін жалғасатын көрмеге таңдаулы картиналары қойылды.

Экспозиция негізін тақырыптық картиналар мен пейзаж бағытында салынған суреттер құрайды. Олардан отбасылық өмір, сондағы қызықтар секілді күнделікті өмірде кездесетін көріністерді тамашалауға болады. Бір сөзбен айтқанда, көрме атауына сай келеді.

Мамандардың пікірінше, суретшінің таңдаған тақырыпқа ерекше көзқарасы бар. Картиналардан терең ой да, суретші шеберлігі де байқалады. Бастысы, Нұрболат акценттерді дұрыс қоя біледі. Суретші кібіртіктемей, қылқаламды еркін ұстайды. Композиция және түспен эксперименттерге батыл барады. Бояуларды да үйлестіре біледі. Ол сұлулықты алыстан іздемей, жақыннан көре алады.

«Шығармашылық адамға талант қана аздық етеді. Бір биіктерге жету үшін еңбек те керек. Нұрболатта осының екеуі де бар. Картиналарынан Отанға, туған жерге, халқына деген махаббаты есіп тұрады. Мен оның болашағына сенем. Осы бағытынан таймаса, жас суретшіні алда үлкен биіктер күтіп тұр» дейді балалар көркемсурет мектебінің директоры Гүлзия Исенова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды