Күн суыса, жылу беріледі

0 21

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер жылу маусымына дайын. Бұл туралы жауапты мекемелер хабарлады. Ресми мәліметке сүйенсек, жылыту нысандарына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары 93 пайызға аяқталған.

Сонымен бірге қала іргесіндегі елді мекендерде тұратын 5 мыңнан астам үйдегі тұрғындар көгілдір отынның игілігін көреді. Қазір елорда маңындағы «Көктал 1», «Көктал 2» және «Агроқалашық», «Теміржолшылар» тұрғын алаптары толығымен газдандырылды. Аталған аймаққа табиғи газ тарту үшін ұзындығы 400 шақырым болатын құбыр жүргізілген. Бүгінде газдандыру жұмыстары Оңтүстік-шығыс, «Өндіріс», «Күйгенжар», «Интернациональный», «Мичурин» тұрғын алаптарында жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 14 мың абонент газға қосылады.
Қала әкімдігі күн суытқан жағдайда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу берілетінін айтады.
– Қалалық мәслихатпен бекітілген ережеге сәйкес ауа температурасы 5 күн қатарынан +10 градустан деңгейінде сақталып немесе одан төмендеген жағдайда әкімдік жылу беру бойынша шешім қабылдайды. Жоспар бойынша қаланы газдандыру жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін толығымен аяқталуы керек. Жылыту маусымында көмір жағатын тұрғындардың да қатты отыннан таршылық көрмеуі – әкімдіктің басты назарында. Қазір қаладағы 12 орында көмір сатылып жатыр. Оның әр тоннасы үшін орташа баға 13 мың теңгеге тең. Қоймаларда қатты отын қоры жеткілікті, – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.
Қала тұрғындары көмір қоймаларындағы қатты отын қоры мен оның бағасы жайындағы мәліметтердің «109» нөміріне хабарласып та біле алады. Өз кезегінде жеке кәсіпкерлер де қажет кезінде көмірден тапшылық болмайтынын айтады.
– Қазіргі уақытта қоймада 800 тоннаға жуық Шұбаркөлдің көмірі және 2000 тоннаға жуық Майкөбе көмірі бар. Бізден көмірді негізінен жақын маңдағы «Көктал-1»,» Көктал-2», «Агроқалашық» тұрғын үй алаптарының тұрғындары алады. Тұрғындардың сұранысына сай көмір қыс бойы жеткізіліп тұрады, – деді «Бек-Айда» жеке кәсіпкерлігінің қойма меңгерушісі Дулат Құсайынов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × five =