Күн сайын 100 адам оңалту қызметін ақысыз алуда

0 56

«Адал Ниет Астана» қайырымдылық қорында күнделікті 140 адам оңалту қызметін алады. Бұл – бес мезгіл тамақ, физиотерапия, массаж, дәрі-дәрмек, тұзды шахта, оттегі коктейльдер, йога, дренаж жұмыстары және тағы басқалармен қамтамасыз ететін, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар.– Күніне 140 науқасқа қызмет көрсетеміз. Оның ішінде жүз адамға ақысыз қызмет көрсетіледі, 40 адам – оңалту мен ем алуға келген қала, республика тұрғындары. Пандемия кезінде бір-бірімізді қолдауымыз керек. Науқастар үлкен ризашылықпен кетеді. Қайта ем алуға жиі келеді. Біз олармен ынтымақтастықты жалғастырудамыз, – деді қайырымдылық қорының жетекшісі Бибісара Бейсенбаева.
«Адал Ниет Астана» жеке қайырымдылық қорының ерекшелігі – мұнда науқастар мен қарттар әлеуметтік және медициналық көмек алады әрі өз мүмкіндіктерін іске асырып, ақша табады. Қор қызметінің негізгі бағыты – денсаулық сақтау. Барлық емдік шаралар санитарлық талаптарға сай жүргізіледі.
– Келушілерді арақашықтық, маска тағу тәртібі мен жеке гигиенаны сақтау­ға, өз денсаулығына мән беруге шақырамын. Үйдегі карантин жағдайында да дене, тыныс алу жаттығуларын жасауға болады. Сол арқылы иммундық жүйені нығайтып, жағымды эмоциялар аласыз, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасайсыз, – дейді реабилитолог-дәрігер Алтынай Сәтмағанбетова.

 

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − seven =