Күн райы құбылады

0 118

Ауа райын болжау ор­та­лығы алдағы екі күнде ел­дің батысында күн суытады деп ескертеді. Оған анти­циклонның күрт бұзылуы себеп. Толығырақ, Астана қа­лалық «Қазгидромет» бас­қармасының жетекші ин­женері Айгүл МЫҢЖАНОВА айтып берді.

– Алдағы екі күнде ауа температу­расы төмендеп, күн салқындайды. Сал­қын жел еседі. Қолайсыз ауа райы Қазақстанның басқа облыстарына жетеді. 18-19 мамыр күндері 17-22м/с жел соғады. Күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ, ауаның температурасы төмендейді. Батыста түнде 5-13о С, күндіз 15-20о С болады.

Солтүстікте, шығыста және орта­лықта түнде 0-5о С, күндіз 8-15-ке дейін жетеді.

Оңтүстікте түнде 10-15о С, күндіз 20-25о С болады. Оңтүстік шығыста түнде 5-13о С, күндіз 12-25о С жылы болады.

Алдын ала болжам бойынша 20 ма­мырдан кейiн оңтүстiк-батыс жақ­тан соққан жел батыс аймақтарға Жерорта теңiзінің жылы ауасын қуып әкеледі. Артынан 23-24 мамыр ауа­ның температурасы 30-37о С гра­дусқа дейін жоғарылайды. Одан кейін Қазақстанның бүкіл айма­ғында күн жылынады. Солтүстік ай­мақ­тарда күндіз 23-28о С, Оңтүстікте 30-37о С градусқа дейін күн жылынады.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 4 =