Күміс медаль – Маликада

0 7

Отандасымыз Малика Мұхтарова пара биден Италия­да өткен Әлем Кубогында күміс жүлдеге ие болды.«Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бірақ, шынымды айтсам, өзімнің қойы­лымыма 100 пайыз көңілім толмады. Бұл – карантиннен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс. Жарыста күтпеген жағдайлар болды, бірақ, біздің құрамамызға ешнәрсе кедергі келтіре алмады» дейді Малика.
Бәсеке Генуя қаласында өтті. Онда Қазақстан намысын 4 спортшы қорғады. Әлем Кубогы 2022 жылы Кореяда өтетін әлем чемпионатына тікелей іріктеу болып саналады. Жарысқа әлемнің 12 елінен 300-ден астам спортшы қатысты.
«Пара би – мен үшін өзімді физикалық тұрғыда шыңдау, шыдамдылығымды тексеру, ал ең алдымен команданың бірлігі. Осының бәрі алға ұмтылуыма мотивация береді» дейді Малика Мұхтарова.
Жарыстың төре­шілер бригадасына Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, елордалық пара би мектебінің жаттықтырушысы Әлия Майданқызы шақырылды. Іріктеу Ұлттық паралимпиада комитетінің және жеке комиссияның шешімімен өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × two =