«КҮЛКІ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ» КЕРЕМЕТІ

0 169

күлкі терапия

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларды қолдауға бағытталған «Күлкі терапиясы» акциясы өтті.

Шара барысында балалар сайқымазақтармен ойнап, концертке қатысты. Белсенділік танытқан балаларға сыйлықтар таратылды.

«Бұл әдістеме көптеген мемлекетте қолданысқа енгізілген. Емделушілерге дәстүрлі медици­налық көмектен басқа, күлкі терапиясы немесе сайқымазақтар терапиясы жүргізіледі. Бұл әдіс Қазақстанда да енгізіліп жатыр. Сондықтан осы акцияны өткізуді ұйғардық» дейді Астана қаласындағы Онкологиялық диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Бағдаш Мұстафина.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + 4 =