Күләштің көркем келбеті

Сурет сыры

0 48

Сурет 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде түсірілген. Әйгілі әнші, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО халық әртісі, Шығыс бұлбұлы атанған Күләш Байсейітова Жібек рөлінде өнер көрсетуде.Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігі Күләштің атын бүкіл Кеңес Одағына мәшһүр етті. «Қыз Жібек» операсындағы Жібек – Күләштің «Гәккуін» тыңдап, сахнада ойнау шеберлігін көзімен көрген мәскеу­ліктер «жабайы, көшпенді қазақтардың» нағыз өнерпаз халық болып шыққанына қайран қалды.
1936 жылдың 26 мамырында Күләш сол кездің ең жоғары наградасы – Еңбек Қызыл Ту орденін алды. Сол жылдың 6 қыркүйегінде «КСРО халық әртісі атағы» белгіленіп, сол атаққа бірінші ие болғандардың бірі де Күләш еді.
Атағы әлемге әйгілі Станиславский, Немирович-Данченко, Качалов сияқты алыптардың қатарында 24 жасар Күләштің де үлкен құрметке ие болуы қазақ халқы үшін айтып жеткізгісіз қуаныш, қуаныш болғанда да жарты әлемді жалт қаратқан қуаныш еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + twelve =