«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Күл төгуге арналған контейнер қойды

0 98

Елорданың шеткерірек орналасқан аудандарында шешімін күткен мәселе аз емес. Солардың бірі – көгілдір отынды пайдаланушылардың пештен шыққан күл-қоқысты қайда төгерлерін білмей, әбігерге түсуі еді. Тұрғындардың осы тілегін ескере отырып, жақында бас қаланың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Clean City NC» ЖШС-мен бірлесіп, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарының аумағында күл жинауға арналған контейнерлер орнатты

d787df8fdbdabfefc9a9d725f8585dc1_1280x720

Дегенмен арнайы контейнерлер орнатылғанына қарамастан кейбір тұрғындар әлі де болса пештен шыққанның бәрін қоқысқа арналған контейнерлерге немесе оның айналасына төгуді тоқтатар емес.

Мамандардың мәлімдеуінше, қоқыс төгуге арналған контейнерлерге күл төгуге болмайды. Себебі толық сөніп болмаған күлдің қалдық шоғы  пластикалық контейнерлердің жануына әкеліп соғуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайлар бұған дейін бірнеше рет орын алған көрінеді. Сондықтан тұрғындардың бұл іске немқұрайлы қарамай, жауапкершілік танытқандары дұрыс.

«Clean City NC» ЖШС осы контейнерлерді орнатумен айналысса, ал оны шығару жекелеген мердігерлік ұйымдарға жүктеледі.

Жалпы, күл-қоқыс әртүрлі көлікпен шығарылуы тиіс екен. Бұл ретте қатты қалдықтар үшін қоқыс тасығыш, күлді шығару үшін манипуляторы бар арнайы жабдықталған машина пайдаланылады. Қалада күлге арналған контейнер орнату үшін келісімшарт жасау қажет етілмейді. Сондай-ақ күлге арналған арнайы контейнерлерді орнату үшін +7 (771) 085-09-75 нөмірі бойынша өтінім қалдыруға болады.

Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды