©2020 Астана Ақшамы
Күйзеліске ұшырағандарға көмек
Астанадағы Медициналық психологиялық денсаулық орталығының күйзеліс бөліміне күніне кем дегенде 15-ке жуық адам хабарласады. Хабарласқандардың жас ерекшеліктері де, күйзеліске түсірген мәселелері де әртүрлі.
Орталыққа келушілердің сексен пайызы — нәзік жандылар. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де, әлеуметтік жағдайы төмендер де, жұмыссыздар да бар. Аталмыш мекемеде жедел психологиялық қызмет көрсету орталығы да жұмыс істейді. Мамандар көмек сұрағандардың әрқайсысымен жеке тілдесіп, ертеңгі күннің жарқын болатынын айтып, өмірдің уақытша сынағына мойымауға көмектеседі. Нәтижесі де жаман емес. Тығырыққа тірелген уақытта өзін-өзі құрдымға тастап жіберетін адамдарды қайта көпшілік ортаға бейімдеу үшін жарты жыл уақыт кетеді екен. Ал, түзетілмес қателікке бармас үшін бірінші кезекте өзіңді-өзің жеңер рухани беріктіктің болғаны дұрыс дейді зерттеушілер.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ