Күйшілер бақ сынайды

0 33

Күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығын насихаттау мақсатында күйшінің жары Зира Наурызбаева және «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі күйшілер байқауын ұйымдас­тырады.Байқауға қатысам деушілердің жасына шектеу қойылмайды. Қатысушылардың Таласбек Әсемқұлов­тың репертуарынан күй шертуі (Т.Әсемқұловтың нұсқасымен), дәстүрлі орындауға (оң қол мен сол қол) мейлінше жақындауы талап етіледі.
Байқау онлайн форматта өтеді. Бір кезеңнен тұратын күйшілер жарысында әр қатысушы 3 күй орындауы керек. Күйлердің аудио­жазбаларын «Талтүс» жинағынан немесе Telegram каналдағы «Талтүс» каналынан (taltus2021) алуға болады. Сондай-ақ күйлерді otuken.kz сайтынан, YouTube-тағы «otukenkz», «Әсем ән, тәтті күй» арналарынан тындауға болады.
20 қыркүйекке дейін үміткерлер өздерінің Instagram не Facebook парақшаларына #TalasbekAsemkulov2021 хештегімен орындаған күйін видеоға түсіріп салуы тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 12 =