Күйші тойы – көрші елде

0 17

Ресейдің Астрахань облысында қазақ күйшісі Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы аталып өтіледі.Астрахань облысы губернаторының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ресей жерін 15 жылға жуық мекендеген күй анасының 160 жылдық мерейтойын атап өтудің арнайы іс-шаралар жоспары жасақталған. Соның бірі – Дина Нұрпейісованың өмірі мен өнері жайлы жаңа кітаптың таныстырылымы. «Қазақтың күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлының мұрасын насихаттаған бірегей шәкірті Дина Нұрпейісова 1922-1937 жылдары Астрахань облысының бірнеше елді мекенінде тұрған. Оның ішінде қазіргі Володар ауданының Козлов ауылы да бар. Күйші Дина 1934 жылы Марфин ауылында өткен көркемөнерпаздар байқауында бірінші жүлдені иеленген. Оны айғақтайтын құрмет грамотасы сақталған» дейді өлкетанушы Асылбек Сейітәлиев.
Оның айтуынша, Астрахань облыстық мемлекеттік архивінен Дина Нұрпейісованың отбасы мүшелерінің, тіпті сиыр мен қойдың тізімі көрсетілген құжат табылған. Бұл – Марфин ауданындағы Козлов ауылдық кеңесінің архив анықтамасы.
Сондай-ақ, астраханьдықтар шығарған «Естелік кітабында» ұлы Хажен мен немересі Қожахметтің 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткені, ал жауынгерлік ордендер мен медальдарға ие болған үлкен ұлы Жұрынбайдың 1946 жылы өмірден өткені туралы жазылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − 9 =