Күйді құрметтеуге шақырды

0 41

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов белгілі композитор Ренат Гайсинмен бірге «Ерке сылқым» күйін тартты. Қала басшысы елордалықтар мен өз әріптестерін ұлттық күйлерді орындап, челленджге қатысуға шақырды.«Домбыра — музыкалық мәдениетіміздің басты символы. Халқымыз салт-дәстүріміз бен мәдени құндылықтарымызды, қуанышы мен қайғысын қара домбыраның шанағынан төгілген үн арқылы жеткізіп отырған. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова секілді өзге де композиторлардың күйлері жадымызда мәңгі сақталады. Олардың туындылары ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, домбыра — қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі.
Ұлттық домбыра күніне арналған концертте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев домбыра әуені еліміздің барлық этностарын біріктіріп, рухани бірлікке жетелейтінін атап өтті. Жан-жақты дамуымыз өте маңызды. Жастарымыздың ұлттық аспапта ойнауға деген қызығушылығы мен ерекше ықыласы қуантады.
Сазгер Ренат Гайсинмен бірге белгілі композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындадық. Елорда тұрғындары мен өз әріптестерімді челленджге белсене қатысуға шақырамын! Ұлттық күйлерімізді орындайық!» деп жазды елорда әкімі Instagram парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 11 =