Күй күмбірлеп, ән шалқыды

0 102

Астана қаласындағы №1 өнер мектебінде өзге ұлт оқушылары арасында «Домбыра-дастан» атты І қалалық домбырашылар байқауы өтті. Қазақ өнерін дамытып, домбыраны насихаттау мақсатындағы шара тартымды, қызықты ұйымдастырылды.

Өзге­ ұлт­та­ғы­ жет­кін­шек­тер­ дом­­­бы­­ра­ ар­қы­лы­ ән шырқап қана қой­­­­май,­ әсем күйлерді де күм­­бір­лет­­ті.­­ Ол­ар­дың­ шебер­лік­терін кө­рер­­мен­­дер жоғары бағалап, қо­ше­­мет­ көрсетті. Байқаудың нә­ти­же­сінде, дәстүрлі ән аталымын­да­ №7 мектептің оқушысы Дау­рия­ Сүлейменова бірінші орын­­ды­ қан­жы­ға­ла­ды.­ Балалар үйінің тәрбиеленушісі Татьяна Колбасова екінші тұғырды ен­­ші­­ле­­се, №22 мектептің оқушысы По­­лина Скнарина үшінші орынды қанағат тұтты. Күй аталымында №48 мектептің намысын қорғаған Ми­­лана Кондратьева қара үзіп шық­­ты. №28 мек­теп­тің оқушысы Елизавета Мегина екінші, №31 мектептен Михаил Вебер үшінші тұғырға қонды.

«Ұлттық өнерді насихаттауды­ мақ­сат еткен бұл шара бұдан бы­лай­­ да жалғасын табатын болады.­ Оқу­шы­лар­дың­ ынтасы, талабы­ біз­ді қуантты» дейді ұйым­дас­ты­ру­шы­лар­ атынан Бақыт Сұлтанқызы.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × three =