Күй күмбірлеген күн

0 299

Қазақстан Композиторлар одағы мен Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі бірлесіп, «Аққу домбыра» атты онлайн-концерт ұйымдастырды. Кеште Ермұрат Үсенов, Бейбіт Дәлденбай, Серік Еркімбеков, Ақтоты Райымқұлова, Балнұр Қыдырбек, Қалибек Деріпсалдин, Қарасай Сайжанов, Шолпан Қорғанбек, т.б. қазіргі заман композиторларының туындылары орындалды.

Концертті Композиторлар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серікжан Әбдінұров ашып, одақ пен елордалық филармония бірігіп, осындай концертті алғаш рет өткізіп жатқанын атап өтті. Осы шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова арнайы сәлемін жолдады.
– Ән мен күй – ұлттық сана-­сезімнің, ұлттық рухтың айнасы. Халықтың қуанышы мен мұңы, сағынышы мен арманы музыкасынан көрінеді. Ғасырдан ғасырға жеткен күйші-жыраулардың, халық композиторларының шығармаларын ұрпаққа саф таза күйінде табыстауымыз керек, – делінген министрдің хатында.
Кеште «Қорқыт» этноансамблімен қатар филармония солистері, Мәдениет саласының үздіктері Арайлым Рахымқызы, Нұрай Танабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы Раушан Оразбаева, халықаралық байқаулардың лауреаты Алмат Испанбетов, «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =