КУБОК АЛАТОО АСТЫ

0 74

Астана кубогы

Қала күніне арналған мерекелік шаралар аясында «Астана кубогы» үшін КТК командалары арасындағы халықаралық фестиваль өтті.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған бұл ойынға осы жолы «Сборная РУДН» (Мәскеу), «СОЮЗ» (Тюмень), «Азия MIX» (Бішкек), «Бумеранг» (Барнауыл) командалары қатысты. Көрермендерді ерекше қуантқаны – олардың арасында астаналық «Қазақстанның жаңа құрамасы» да бар. Қазылар алқасы жас буынның қалжыңдарын ерекше бағалап, КТК ойындарының Жоғары лигасында көрінбей жүрген Қазақстанды сағынғандарын жеткізді. Кеш барысында саяси-әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық тақырыптағы әзілдер айтылды. Сонымен қатар, Шымкент, Қайрат Нұртас жайлы қалжыңдар жиылғандарды қыран-топан күлкіге батырды.

Қалжыңмен жүзімізге қан жүгірткен әзілкештерді Михаил Гуликов, Михаил Галустян, Тұрсынбек Қабатов және қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов бағалап, нәтижесінде бәйгеге тігілген кубокты Қырғызстан ойыншыларының қанжығасына байлады.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =